2018 жылғы 18 мамырда Қ.Пішенбаев атындағы ЕТТК стадионында  Астана қаласының 20-жылдығы мен Павлодар облысының 80-жылдығына арналған колледж командалары мен «Богатырь Көмір» ЖШС біздің достарымыз-жастар командалары арасында дәстүрлі әскери-спорттық эстафета өтті.

    20 қатысушы үздік атағын алуға ат салысты. Балалар граната лақтырды, бронды жилеткамен 1000м. қашықтыққа жүгірді, турникке тартылды, алғашқы көмек көрсетті, АК-74 автоматын жинауды жүргізді.

 Эстафетаның қорытындысы бойынша колледж студенттері бірінші орын алып, грамотамен және Кубокпен марапатталды. «Богатырь Көмір» ЖШС командасы 2-орын алды және грамотамен марапатталды.