2018 жылғы 17 мамырда «Жыл педагогі, жыл шебері -2018» колледжішілік конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты: колледж педагогтерінің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін анықтау. Конкурс 3 турдан құрылды: 1. Эссе «Менің кәсіби ұстанымым», 2. «Педагогикалық портфолио», 3. «Жағдаяттық тапсырмалар».

 Конкурсқа  4 оқытушы, 3 өндірістік оқыту шебері қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша  бірінші орынды өндірістік оқыту шебері Каримова Динара Сансызбаевна, 2-орынды арнайы пән оқытушысы Оразымбетова Асия Асановна, 3-орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Акмолдина Умитай Казтаевна иеленді. Барлық қатысушылар колледждің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 «Жыл мұғалімі-2018» облыстық конкурсының екінші кезеңіне  өндірістік оқыту шебері Каримова Динара Сансызбаевна қатысатын болады.  Конкурсты колледждің әдіскері Р.Жумабекова,ОТМ жетекшісі Садыкова Г.Ж.ұйымдастырды.