Екібастұз қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығына арналған шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында студенттер, мектеп оқушылары арасында  2018 жылғы 18 мамырда «Абай оқулары» қалалық конкурсын өткізді. Конкурсқа басқа да оқу орындарынан 12 оқушы қатысты және 2 бағыт бойынша өтті.

1-бағыт – қазақтың атақты жазушыларының көркем шығармаларынан мәнерлеп оқу, 2-бағыт – Мағжан Жұмабаевтың поэзиясы.

  Конкурстың қорытындысы бойынша  1-орынды Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенті Бейсенова Жансая иеленді (оқытушы Р.А.Жумабекова). Барлық қатысушылар Екібастұз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломымен, сертификатымен, ақшалай сыйақыларымен марапатталды.