Біздің колледжде 2018ж.ақпан айының 01-12 аралығында   «Өзін-өзі тану:  Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында  Республикалық онкүндік шеңберінде іс-шаралар  өткізілуі ұйымдастырылды. Ақпанның «01»  күні  «Токарь»  №24 топта    «Қайырымды болайық!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: жасөспірімдердің бойына қайырымдылық,ізеттілік,рақымшылдық,мейірімділік, сүйіспеншілік, жанашырлық  сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыру.

Тәрбие сағатын  куратордың жетекшілігімен, студенттердің өздері  басқарып, адамның неге бұл дүниеге тап-таза періштедей болып туылып, уақыт өте қатігезге айналатыны жөнінде пікірталас туындады. Әр студент өз көзқарасын ортаға салып,оны әйгілі фактілермен дәлелдеуге тырысты.Тәрбие сағатын топ студенттері өздері қорытындылап, шешімін шығарды және де ұстаздары Сандуғаш Темірболатовна мен Жамиля Байтұрсыноваға алғыстарын айтты.