Жана 2018 жыл аясында Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжінің студенттері I Республикалық өлең мен шығарма сайысына белсенді қатысты. Олар Волошина Анастасия, Крикун Николай, Гарбузов Кирилл,  Кибанова Ксения и Баширов Галимхан.

Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.  «История моей семьи в истории моей страны»,  «Самые яркие события уходящего 2017года» тақырыбында  жазған шығармалары үшін  Волошина Анастасия, Крикун Николай және  Гарбузов Кирилл  жүлделі III орынға ие болды. Аталған студенттер ерекше дипломмен марапатталды. Ал жетекшісі Мухамеджанова Т.М. I Республикалық өлең мен шығарма сайысына студенттерді дайындаған үшін грамотамен марапатталды.