Әлеуметтік серіктестік – білікті мамандарды жүйелі дайындаудың кепілі

«Қазақстанның 3 жаңғыртылуы – болашаққа нық қадам» бағдарламасында мемлекет басшысы қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын сапалы жүзеге асыру қажеттілігін, оның еліміздің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды мәні бар екендігін атап айтты. Бұл міндеттерді іске асырумен әлеуметтік серіктестер ТжКБ оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істейді.Әлеуетті жұмыс берушілердің базалары мен цехтары біздің колледждің студенттерінің кәсіптік практикадан өтетін орны болып табылады.
Жыл сайын тау-кен техникалық колледжбен Павлодар аймағының шағын және орта бизнес компанияларымен және бейін бойынша кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы 60-қа жуық шарт жасалады. Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің тұрақты серіктестері: «Проммашкомплект» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Екібастұз электрлік машиналар зауыты» ЖШС, «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» «Шығыс» кеніші АҚ, «МВИ зауыты» ЖШС, «Tailor-S» ЖШС және т.б.
Оқу жылында қала кәсіпорындары базасында кәсіптік практикадан 200-250 студент өтеді, онда тәлімгерлер мамандықтың қыр-сырын меңгеруге көмектеседі. Оқытудың бұл кезеңінің маңыздылығы олар өндірістік үдеріске тікелей қатысады және еңбектерінің нәтижесін көреді, өздерінің білімдері мен дағдыларына деген сенімділігін туғызады. Студенттер бұл жаңа ұжымда жұмыс істей отырып, өздерінің тәлімгерлерімен кәсіби сәйкестіктеріне психологиялық тест тапсырады. Өндірістік практиканы бітірген соң болашақ мамандар бітіру біліктілік емтиханын тапсырады, кәсіпорын атынан өндірістік мінездеме жазылады, күнделіктеріне практикалары үшін баға қойылады. Бітіру емтихандық комиссиясының құрамына біліктілік разрядтарын алуға және жұмысқа орналасу үшін бос орындарға шақыруға тікелей байланысты төраға және әлеуметтік серіктестер ретінде кіреді.
Колледжді сапалы дайындау үшін әрдайым инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырып отыру қажет. Осыған байланысты жұмыс берушілермен бірлесіп бейінді кәсіпорындарда өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы технология пәні оқытушыларының тағылымдамалары ұйымдастырылады.
2000 жылдан бастап «Богатырь Көмір» ЖШС Богатырь жүктемелі-көлік басқармасы колледждің қамқоршылары болып табылады. «Богатырь Көмір» ЖШС компаниясы колледж студенттері үшін атаулы шәкіртақы тағайындады. Колледж шеберханаларына станоктар, материалдар берді. Колледждің қалыптасу жылдарында 14500-ге жуық білікті жұмысшылар дайындалды. Оның ішінде 1141 адам еңбек етеді. «Шығыс» кенішінде, «БК» ЖШС -1532 адам, «Промсервис-Отан» ЖШС -100 адам және т.б. Олардың көпшілігі Көмір өнеркәсібінің Құрметті қызметкерлері, Кенші және Еңбек даңқы ордендерінің толық иегерлері. БЖКБ қызметкерлері колледж өміріне белсене қатысады, тәрбиелік, спорттық іс-шараларды өткізуге белсене қатысады, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына материалдық көмек көрсетеді, қысқы киімдер мен аяқ киімдер алып береді. Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық бағыттарының бірі оқу үдерісіне оқытудың дуалдық түрін енгізуді жүзеге асыру болып табылады.
Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі 2012-2015 жылдардан бастап электрслесарларын, токарларды, дәнекерлеушілерді дайындау жөнінде «Богатырь Көмір» ЖШС – мен бірлесіп жұмысшы кадрлардың дуалдық оқыту жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаның қатысушысы болды.
Тұтастай алғанда эксперимент студенттерді дуалдық дайындаудың тиімділігін көрсетті. Практикалық модульді қамту кезеңінде шағын бейіндер бойынша біліктілік емтихандарын тапсырды және дипломнан басқа стропальщик, такелажник, электр слесарі, слесарь біліктіліктері бойынша куәліктер алды. Бұл олардың компанияға жұмысқа орналасулары кезінде кәсіби қызметінің өрісін барынша кеңейтті.
2013 -2017 жылдары колледж токарлар мен фрезерлеушілердің дуалдық оқыту жүйесі бойынша дайындықтарын жалғастыра отырып «Проммашкомплект» ЖШС-мен қарым-қатынас жасайды.
2016 жылы колледж «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-мен электромонтерларын оқытудың дуалдық жүйесі бойынша дайындық туралы 3 жақты шарт жасасты.
2017-2018 оқу жылына нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша 20 адам шамасында «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша дуалдық оқытуды іске асыру шеңберінде колледж ынтымақтастық жөнінде «Tailor-S» ЖШС тігін фабрикасымен шарт жасасты.
2016-2017 оқу жылында колледжде «Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС жаңа әлеуметтік серіктесі пайда болып компанияның атаулы шәкіртақысын беруге қаражат бөлді, студенттерге материалдық қолдау көрсетті және оқулықтар мен ОӘК, колледждің кабинеттері мен шеберханаларына жабдықтар сатып алынды.
Колледждің инженерлік педагогикалық ұжымы студенттерді колледж қабырғасынан шығара отырып, олардың терең білім алуларына, ой-өрісінің кеңеюіне, еңбекке деген саналы шығармашылық қатысына, біздің қоғамымыз бен өндірістің қожайындары сезінулеріне көп күш жұмсады, сонымен бірге ескі және жаңа әлеуметтік серіктестердің қолдауларына сенім білдіреді.