Құрметті студенттер, әріптестер, ата-аналар, талапкерлер!

Сіздерді біздің сайтымыздың беттерінде көргенімізге қуаныштымыз!

 

      Кәсіби мансабында әрбір адамның жолы олардың оқу орны мен мамандықтарын таңдаған кезінен басталады.

     Біздің мақсатымыз – біздің түлектерімізге болашақта бәсекеге қабілетті, қажетті маман иесі болатындай қолайлы және сапалы білім беру.

     Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі – 1967 жылдан бастап жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларды және 2017 жылдан бастап орта буындағы мамандарды дайындайды.

    Колледждегі дамытудың негізгі іс-шаралары білімділік, зерттеу және инновациялық қызметін, материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға бағытталған. Мұның барлығы қазіргі түлектердің моделін қалыптастыруға көмектеседі. Бітірген кезінде студент меңгерген мамандығын біліп қана қоймай, сонымен бірге ол жұмыстың бірінші күнінен бастап қолдануға дайын, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін, кәсіби біліктілік жиынтығын меңгеруі керек. Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде сондай білім алуға, бұдан әрі оқуларын ҚР мен Ресей Федерациясының кез келген жоғары оқу орындарында жалғастыруға барлық мүмкіндіктер бар.

      Колледж оқытушылары ғылым мен практика жетістіктері, ұлттық және жалпы адами құндылықтары негізінде тұлғаның кәсіби болуына бағытталған қажетті жағдайлардың барлығын жасайтын жоғары кәсіби мамандар болып табылады.

    Біз әрбір студентке сапалы білім беруге, оқуы үшін достық және қолайлы ахуал жасауға талпынамыз. Колледж студенттері көптеген спорттық, шығармашылық және ғылыми іс-шараларға белсенді қатысады, командаларда тіл табысу, қарым-қатынас жасау және жұмыс істей алу дағдыларын меңгереді.

 

    Біздің колледжге қош келдіңіздер!!!

 

 

                                                                    Құрметпен колледж басшысыңың м.а.

Бакытжамал Нуралиновна