Құттықтау!

Құрметті Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-     техникалық колледжінің ұстаздар қауымы!

Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді және бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші де – мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, оқушыларды бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

  «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» – деп Абай атамыз айтқандай, қыр-сыры мол ұстаз еңбегінің қиын да, жауапты шығармашылық еңбек екендігін мойындай отырып, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

  Болашақта толағай табыстар тілей отырып, әрдайым игі бастамалардың жанынан табылатындарыңызға сенімдіміз!

                Ізгі ниетпен: колледж әкімшілігі

цветок

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын.

құттықтаумен №3 топ

20150925_121933