Сөздік - словари

Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде 20 орынға арналған оқу залымен жалпы аумағы 132 кв.м құрайтын кітапхана орналасқан.
Кітапхананың кітап қоры 46555 дана әдебиетті құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9356 дана, ағылшын тілінде – 258 дана, электрондық оқулықтар-149 дана. Бір оқушыға 75 дана оқу әдебиеті. Кітапхананың кітап қоры жыл сайын жаңа басылымдармен толықтырылып отырады. 2019 жылы 417 дана оқу әдебиеттері 1 млн.154 мың теңгеге сатып алынды. 2020 жылы кітапхана қоры 1 млн.674 мың теңгеге 774 дана кітаппен толықтырылды.
2020-2021 оқу жылында оқырмандар саны 468 адам, оның ішінде 379 студеттер.
2021 жылға кітапхана 195 мың теңгеге 29 аталым мерзімді басылымдарға жазылады, оның ішінде 18 аталым мемлекеттік тілде. Кітапхана іші барлық қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Кітапхананың оқу залында колледж білім алушылары мен оқытушыларына ннтернетке қосылған 5 компьютер, сондай-ақ KostanaySoft «Кітапхана ісі» электрондық каталогында жұмыс істеу мүмкіндігі берілген. Кітапханада атаулы күндерге орай, «Ұлы дала елі – Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру», «Мамандықтар әлемі», «Бір ел– бір кітап», «Екібастұзым мақтанышым!» атты кітап көрмелері тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Loader Loading...
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab