Daily Archives: 26.12.2017

Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні – жанарға жас толтыратын, ерлік пен өрлікке тағзым жасататын қасиетті күн. Осы қасиетті күн тәуелсіздікке ұмтылу жылдарында қан кешкен асыл боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  мерейлі мерекесіне орай … дальше

Кенші жұлдыздары

2017ж. 08 желтоқсанда «Кеншілер» апталығының соңында «Кенші жұлдыздары» гала концерті өткізілді. Концертке тау-кен циклінің барлық топтарының студенттері белсенді қатысты. Мұнда балалар ән айтуда, би билеу мен акробатикада өз таланттарын көрсетті.

Гала концертке инженерлік-педагогикалық ұжым мен басқа топтардың студенттері шақырылды.

XXI ғасыр көшбасшысы

2017ж. 06 желтоқсанда өндірістік оқыту шебері А.А.Оразымбетова «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын өткізді. Іс-шараға тау-кен мамандығы бойынша № 8, 13, 19-топтың студенттері қатысты. Іс-шараға қатысушылар жоғары белсенділік, танымдық қызығушылық танытты және мамандық бойынша үздік кәсіби білімдерін көрсетті. Ойын соңында қатысушылар … дальше

Еңбек ардагерімен кездесу

2017ж. 05 желтоқсанда өндірістік оқыту шебері Е.Д.Генш тау-кен мамандығы бойынша «Кенші-мәртебелі мамандық» №13,19,8-топтарының студенттері және еңбек ардагерімен кездесу ұйымдастырды. Еңбек ардагері, көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері, тау-кен техник-электромеханигі Гуля Виктор Филиппович студенттерге «Богатырь» кеніші «БК» ЖШС-де өткен өзінің еңбек жолы туралы … дальше